Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ресейдің жеңісіне қуанған тәжік футболшысы жазаланатын болды

23.03.2024, 02:08

Ол бір ай бойы жалақы алмайды

Ресейдің жеңісіне қуанған тәжік футболшысы жазаланатын болды
Шахтер ФК

Донецктің «Шахтер» клубында өнер көрсететін тәжік футболшысы Хусрав Тоировты клуб басшылығы жауапқа тартатын болды. Ол Ресей құрамасының Сербияны жеңгені туралы әлеуметтік желідегі жазбаға «ұнайды» батырмасын басқан.

Айта кетейік, ФИФА мен УЕФА-ның барлық жарыстарынан шеттетілген Ресей футбол құрамасы ұзақ үзілістен кейін 21 наурызда Сербиямен жолдастық кездесу өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Хусрав Тоировтың агрессор елдің жеңісіне реакция білдіргенін көрдік. Мұны масқара әрекет деп есептейміз. Оған бір айлық жалақысын бермей, жауапқа тарту туралы шешім қабылданды. Бұл қаражатты Украина қарулы күштеріне көмек ретінде жолдаймыз», - деді «Шахтер» клубының ресми өкілі «Футбол 24» телеарнасына берген пікірінде.

Айта кету керек, 19 жастағы Тоиров бұған дейін «Атырау» футбол клубында ойнаған. 2023 жылдың наурыз айында ол Украинаға көшті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам