Бұл мәселемен жұмыс істейтін агент бар - ол Жорже Мендеш
«Барселона» президенті Жоан Лапорта «Манчестер Ситиден» маусымның соңына дейін жалға алынған қорғаушы Жоау Канселу мен «Атлетико Мадридтен» жалға алынған вингер Жоау Феликс клубта қала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Mundo Deportivo.
«Менің ойымша, олар осында ("Барселонада") жалғастырады. «Атлетико» Жоау Феликстің бізде қалуына қарсы болмайды деп үміттенемін. Менің ойымша, «Сити» де қарсы емес.
Бұл мәселемен жұмыс істейтін агент бар - ол Жорже Мендеш. Ол біздің осы ойыншылармен жұмысты жалғастырғысы келетінімізді біледі. Қазіргі уақытта нақты айта алмаймын, себебі көп нәрсе сұралатын сомаға байланысты болады», - деді Лапорта.