Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Аман Бақытжан Париж Гранд Слэмінің жартылай финалына шықты

07.02.2026, 18:03

Отандасымыз финалға жолдаманы украиналық Дилшот Халматовпен сарапқа салады

Аман Бақытжан Париж Гранд Слэмінің жартылай финалына шықты
ҰОК

Дзюдодан Парижде басталған Гранд Слэм бәсекесінде Қазақстан балуандарының басым көпшілігі іріктеу кезеңдерінен аса алмады.

Ұлттық құрама сапында 60 келіде татамиге шыққан Аман Бақытжан жартылай финалға жетсе, 73 келіде Есет Қуанов жұбаныш белдесуін өткізеді.

Аман Бақытжан финал жолдамасын украиналық Дилшот Халматовпен сарапқа салады. Егер финалға шықса оның қарсыласы Әзірбайжан/Израиль балуандарының өзара жеңімпазы болмақ.

Ал 60 келіде Шерзод Давлатов алғашқы белдесуінде Израиль балуанына жол берді. Ал 66 келіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бірінші белдесуінде моңғол балуанына қарсы төтеп бере алмаса, аталған салмақта ҚР чемпионы Бауыржагн Нарбаев оңтүстіккореялық Еун Жун Лимнен айласын асыра алмады.

73 келіде Есет Қуанов ширек финалға дейін жетті. Ол алғашқы айналымда бос болғанымен, екінші кезеңде Моңғолия, 1/8 финалда болгар балуанын қапы қалдырды. Ал ширек финалда ағылшын балуанына жол беріп, жұбаныш белдесетін болды. Енді ақтөбелік спортшы тәжікстандық Мухиддин Асадуллаевпен өзара мықтыны анықтап, қола жүлде үшін күресу мүмкіндігін сарапқа салады. Бұл салмақта күрескен тағы бір отандық татами шебері Дастан Шаяхметов алғашқы белдесуінде грузиялық Лаша Шавдатуашвилимен күресуге тиіс болған. Алайда грузин балуаны жарыстан шығып, отандасымыз іріктеусіз 1/8 финалға шықты. Дегенмен, Дастан ширек финалға шығар жолда румын балуанынан жеңілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам