Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Роналдудың бойкоты: Сауд Арабиясы чемпионаты 2,4 млрд доллар шығынға ұшырады

07.02.2026, 12:05

Мамандар бұл жайттың салдары ауыр болуы мүмкін деп санайды.

Роналдудың бойкоты: Сауд Арабиясы чемпионаты 2,4 млрд доллар шығынға ұшырады
"Аль-Наср" ФК

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду төңірегіндегі даулы жағдайға байланысты FOX Sports Сауд Арабиясы Про-лигасымен ынтымақтастықты тоқтатқан алғашқы ірі халықаралық телеарна атанды. Бұл туралы Speedline басылымы хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, бұл шешімнің лига үшін салдары ауыр болуы мүмкін. Қазірдің өзінде жаһандық медиа және коммерциялық жобалар аясында Про-лига шамамен 2,4 миллиард доллар көлемінде шығынға ұшырағаны айтылып жатыр.

Сарапшылар бұл жағдай лиганың халықаралық беделіне елеулі соққы болып, оның әлемдік нарықтағы имиджіне әсер етуі мүмкін екенін алға тартуда. Себебі Роналдуға қатысты жайт қоғамның жіті назарында.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатындағы соңғы трансферлік саясатқа көңілі толмай, «Әл-Наср» клубының матчтарына уақытша бойкот жариялаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам