Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Мәскеудегі теракт кезінде 100-ден астам адамды құтқарған қырғыз балаға «Спартак» ФК құрмет көрсетті

25.03.2024, 03:28

Ол енді команданың үйдегі барлық ойынына тегін кіре алады

Мәскеудегі теракт кезінде 100-ден астам адамды құтқарған қырғыз балаға «Спартак» ФК құрмет көрсетті
ФК Спартак

22 наурызда Мәскеу іргесіндегі «Crocus City Hall» концерт залында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны 133-адамға жетті. Құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді, егер 15 жастағы Ислам Халилов 100-ден астам адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгермегенінде.

Аталған орталықтың гардеорбында киім іліп ақша тауып келген жеткіншек бала ғимараттағы эвакуациялық жолдарды жатқа білген. Соның арқасында ол лаңкестер мен қою қара түтіннен қашқан адамдарды адастырмай, далаға алып шықты.

Ислам – Мәскеуде туған этникалық қырғыз.

23 наурызда жеткіншекті мәскеулік «Спартак» футбол клубы өзінің базасына қонаққа шақырып, оған ерекше құрмет көрсетті. Өйткені, Ислам аталған команданың жанкүйері көрінеді.

«Біз Исламды шақырып, оның ерлігі үшін алғысымызды айттық. Оған және оның достарына экскурсия ұйымдастырып, командамен таныстырдық. Сондай-ақ, өзінің аты жазылған футболка мен «Спартактың» өз алаңында өткізетін барлық ойынына тегін кіретін абонемент бердік», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам