Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Адиев Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» тізгінін қатар алып жүреді – ресейлік БАҚ

05.04.2024, 16:00

Маманның өзі бұл ақпаратқа қатысты нақты пікірін айтпады

Адиев Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» тізгінін қатар алып жүреді – ресейлік БАҚ
Қазақстан футбол федерациясы

Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ресейлік «Ахмат» клубының тізгінін ұстағанын мәлімдеді. 

Дегенмен, Адиевтің өзі бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ, жоққа да шығармады. 

«Бәрін ресми түрде білесіз. Әзірге пікір білдіруге уақытым жоқ. Күте тұрыңыз. Бірнеше сағаттан соң бәрі белгілі болады», - деді.

«Инсайды от Карпа» Telegram-каналы 46 жастағы маман Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» тізгінін қатар алып жүреді деген ақпарат жариялады.

«Астанадан жеткен дерек: Адиев Қазақстан құрамасы мен «Ахматты» қатар алып жүреді. Ресейдегі маусым соңына дейін осылай болады. Содан соң Адиев, грозныйлықтар мен қазақстандықтар әрі қарай қалай боларын шешеді. Себебі «Ахмат» РПЛ-дан шығып кетуі мүмкін, сонда бапкер қазақтармен жұмысын жалғастыра бермек. Егер клуб өз орнын сақтап қалса, онда толыққанды келісімшарт жасалады», - делінген дереккөз таратқан мәліметте.

Осы орайда танымал ресейлік маман Валерий Непомнящий де Адиевтің Ресей клубына оралуына қатысты ойын ортаға салды. «Чемпионатқа» берген сұхбатында ол бапкер екі жұмысты қатар алып жүреді дегенге күмән келтірді:

«Адиев «Ахмат» пен Қазақстан құрамасындағы қызметін қатар алып жүреді дегенге сенбеймін. Әзірге клубпен маусым соңына дейін келісімшартқа қол қоятын шығар, қалай дегенмен клубта толыққанды жұмыс істеу керек. Адиевтің бұған дейін «Ахматтағы» жұмысын табысты болды деп айтуға негіз бар. Ол Ресей мен Қазақстандағы көрсеткішінің арқасында өзін білікті маман ретінде дәлелдей білді. Қазақстан Адиевке дейін ешқашан мұндай жетістікке жеткен емес», - деді сарапшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам