Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Нұралы Әліп «Зениттегі» ең сотқар ойыншылардың көшін бастады (ВИДЕО)

06.04.2024, 13:00

Соңғы матчта да ол «сары қағаз» алған

Нұралы Әліп «Зениттегі» ең сотқар ойыншылардың көшін бастады (ВИДЕО)
"Зенит" ФК

«Зенит» клубында (Санкт-Петербург) ойнайтын қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп командадағы «ең тәртіпсіз» ойыншылардың көшін бастап отыр. Яғни, «сары қағаз» алу жағынан Әліптің алдына ешкім түспеген.

Тіпті, РПЛ-дың соңғы турындағы «Спартакпен» болған ойында да жерлесіміз ереже бұзып, ескерту алды.

Нұралы Әліп «Зенит» сапында биылғы маусыда 26 ойын өткізіп, бес рет «сары қағаз» алған. Дәл осындай көрсеткіш бразилиялық жартылай қорғаушы Вендела мен серб Страхинья Эраковичте де бар. Бірақ, ол екеуі Нұралыдан қарағанда алаңда көбірек уақыт өткізген.

Айта кетейік, соңғы матчта Нұралы Әліп алаңға негізгі құрамда шығып, үзілісте алмастырылды. Ол бірінші таймда қарсылас команда ойыншысымен ерегесіп, оны кеудемен соғып құлатты. Бұл сәтті ресейлік басылымдар ерекше атап өтті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам