Оның командасы турнир кестесінің 12-сатысында келеді
Футболдан Қазақстан құрамасының әрі «Ахмат» клубының бас бапкері Магомед Адиев Ресей Премьер-лигасындағы дебюттік ойынын өткізіп, командасымен бірге жеңіліп қалды.
Грозный қаласының клубы өз алаңында мәскеулік «Локомотивті» қабылдаған болатын. Қонақтар «Ахмат» қақпасына жауапсыз екі гол соғып, маңызды үш ұпайды иеленді. Гол авторлары: Миранчук Ан 21 (пен), Пиняев 58.
22 матчта небәрі 20 ұпай жинаған «Ахмат» турнир кестесінің 12-сатысында келеді. Команданы дағдарыстан шығарады деп басшылары Магомед Адиевті алдыртты. Ол сондай-ақ, Қазакқстан құрамасын да қатар жаттықтыратын болады.