Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қазақстан футзалшылары Өзбекстаннан жеңіліп қала жаздады

08.04.2024, 02:03

Матчты Шыңғыс Есенаманов құтқарып қалды

Қазақстан футзалшылары Өзбекстаннан жеңіліп қала жаздады
Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді. Таразда өткен матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Есепті бірінші болып Қазақстан құрамасы ашты. Ойынның екінші минутында дәл соққымен Арнольд Кнауб көзге түскен болатын. Алайда, өзбектер 10 және 24-минуттарда екі гол соғып, жеңіске бір табан жақындай түсті. Тек матч аяқталуға небәрі 40 секунд қалғанда Шыңғыс Есенаманов есепті теңестіріп, Қазақстанды жеңілістен құтқарып қалды.

Еске салайық, 4 сәуірде Рикардо Кака шәкірттері Қырғызстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ұлттық құрама осылайша күзде Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам