Португалдық жартылай футболшы мейрамхана ақысын төлемегенін мойындады
«Адана Демирспор» мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Нани қазақстандық Абат Айымбетов пен әзірбайжандық Шахрудин Магомедалиевті қонақ етіп күткен. Үш футболшы да қазір Түркияның клубында бірге доп теуіп жүр.
Мейрамханада командалас үш ойыншының ас ішіп отырған фотосы Магомедалиевтің Instagram-парақшасында жарияланды. «Адана Демирспордың» қақпашысы кешкі ас үшін Наниге алғыс айтқан. Португалдың ардагер ойыншы болса дастархандас болғаны үшін Шахрудинге де, Абатқа разылығын білдіріп, мейрамхана ақысын төлемегенін жазды.
«Тағам өте дәмді болды және мен оған мүлдем төлеген жоқпын. Саған және Абатқа рахмет», - деп жазды Нани Instagram-дағы фотосурет астына.
Айта кетейік, Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапына 2023 жылы ауысты. Оның командасы 31 ойында 39 ұпай жинап, турнир кестесінің 11-сатысында келеді.
Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i