Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«1960 жылдан бері мұндай сұмдық болмаған»: «Ахмат» жанкүйерлері Адиевті кінәлап жатыр

14.04.2024, 08:40

Қазақстанның бапкері соңғы екі матчта да жеңіліс тапты

«1960 жылдан бері мұндай сұмдық болмаған»: «Ахмат» жанкүйерлері Адиевті кінәлап жатыр
globallookpress.com

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жаттықтыратын Грозныйдың «Ахмат» клубы Ресей Премьер-лигасында «Балтикадан» 1:7 есебімен ойсырай жеңілді. Осыдан кейін Грозный клубының жанкүйерлері желіде өз реніштерін білдіріп жатыр.

«Енді, бас бапкер кім болады? Ивич, Черчесов, Бердыевты шақырыңдар. Олар бос жүр», «Чемпионаттан ұшып кетуге 7 тур қалды», «Мүмкін, Адиевті басқа «Ахматқа» жібереміз?», «Мұндай сұмдықтан кейін команданы таратып жіберу керек», «Адиев команданы бір апта бойын штангаға тебу үшін дайындаған сияқты», «Ойыншылар қалай қозғалып, жүгіруді білмейді. Одан да 0:5 деген техникалық есепке келісіп, ойнамай-ақ қойғандары дұрыс еді». «Менің есімде мұндай сұмдық 1960-жылдардың соңынан бері болмған», «РПЛ-да алғаш рет осындай сұмдықты көріп тұрмын», «Не үшін қазақ бапкерін тағайындаған? Ол құрамада неше рет ұятқа қалды емес пе?», «Мұндай футбол бізге керек емес», - деген пікірлер көптеп жазылған.

Бұл есеп «Ахмат» тарихындағы ең ірі жеңіліс есебі ретінде тіркеліп отыр.

Еске салып өтсек, Магомед Адиев өзі туған елдің командасын өткен аптадан бері жаттықтырып жүр. Бірақ екі матчта да жеңіліп қалды. Сонымен қатар, Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін де жалғастыра бермек.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам