Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан алғашқы төрт команда белгілі болды

13.04.2024, 21:52

Қалған төртеуі 14 сәуірде анықталады

Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан алғашқы төрт команда белгілі болды
instagram.com/fc_atyrau/

Футболдан Қазақстан кубогінің 1/8 финалдық ойындарының алғашқы төрт матчы аяқталды, яғни ширек финалға шыққан алғашқы төрт клуб анықталды.

Жарыс күнінің ең ірі есебі Атырауда тіркелді. Жергілікті команда өз алаңында «SD Family» клубын қабылдап, қарсылас қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Барбоса мен Педро Эуженио дубль авторы атанса, Олимзода және Степанов бір-бір голдан соқты.

Сондай-ақ, «Тобыл» сырт алаңда «Қайсарды» 3:0 есебімен ұтса, «Қайрат» дәл осындай есеппен «Тұранды» жеңді. Ал, «Жеңіс» пен «Астана» дербиінде екіншісінің мерейі үстем болды, есеп – 0:1.

14 сәуірде тағы сегіз команда ширек финалға шығу үшін өзара мықтыны анықтайды. Олар:

Академия Оңтүстік – Қызылжар

Тараз – Ордабасы

Ақтөбе – Жетісу

Елімай – Шахтер Қарағанды

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам