Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық - Елдос Ахметов

15.04.2024, 17:50

Атағы жер жарған экс-футболшылардың дені қазір телеарналарда сарапшы болып жүр.

Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады.

Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ сегментіндегі Sky Sports болмақ. Өйткені, бұдан былай Қазақстанның бірнеше клубында ойнаған, ұлттық құрама сапында 17 матч өткізген Елдос Ахметов тұрақты сарапшымыз болады. 

Елдос Ахметов ҚПЛ және Қазақстан кубогы аясындағы матчтарға тоқталып, ұлттық құрама ойындарына БІРІНШІ БОЛ жүргізушілерімен бірге талдау жасап отырады. Қазақстандағы әр тур, әр футбол бәсекесін ой елегінен өткізіп, жаманын "жасырмай", жақсысын "асырмай" баға береді. 

Қазақстан кубогы: "Қайсар" неге ойсырай жеңілді? "Тобыл" биыл турнир фавориті ме? SD Family неге жауапсыз 6 гол жіберді? Осы сұрақтарға жауап іздегіңіз келсе, Елдос Ахметов қатысқан алғашқы подкасты қабыл алыңыз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам