Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Масқара болды»: «Челси» футболшылары пенальтиге таласып, төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)

16.04.2024, 11:27

Бас бапкер оларға соңғы рет ескерту жасады

Англия Премьер-лигасының 33-турында «Челси» өз алаңында «Эвертон» командасын қабылдап, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Дегенмен, матч барысында келеңсіз жағдай орын алды.

Кездесудің 62-минутында «Челси» футболшылары 11 метрлік айып добын тебуге мүмкіндік алған. Алайда, ойыншылар пенальти тебуге таласып, жанкүйерлер алдында масқарасы шықты. 

Николас Джексон мен Нони Мадуэке штаттағы пенальтист Коул Палмермен таласып қалды. Соңғысы пенальтиге дейін хет-трик жасап үлгерген. Сондықтан командаластары мүмкіндікті өздері пайдаланғысы келді. Алайда, Палмер допты әріптестеріне бермей, айып добын өзі теуіп, төртінші голын салды.

«Палмер – біздің пенальти тебетін ойыншымыз. Енді мұндай талас қайталанбайды. Футболшылар өздерін балалар секілді ұстады. Бұл ұят. Ойыншыларға соңғы рет болсын деп ескерту жасадым. Бұл қалжың емес», - деді матчтан кейін «Челси» бапкері Маурисио Почеттино.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам