Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалистері анықталды

17.04.2024, 09:42

Бүгін «Бавария» өз алаңында «Арсеналды» қабылдаса, «Манчестер Сити» Мадридтің «Реалымен» өзара мықтыны анықтайды

Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалистері анықталды
CLIVE BRUNSKILL/GETTY IMAGES

Еуропа Чемпиондар лигасының жартылай финалына алғашқы болып ПСЖ (Париж) мен «Боруссия» (Дортмунд) клубтары шықты. Француздар өз алаңында «Барселонаны» 4:1 есебімен ойсырата жеңсе, немістер де мадридтік «Атлетиконың» қақпасына төрт гол соқты (4:2).

«Барселона» – ПСЖ

Сырт алаңда ПСЖ-ны жеңіп, жартылай финалға бір табан жақын тұрған каталондық клубтың осылайша жеңілуіне қорғаушы Араухоның «қызыл қағаз» алуы себеп болды деуге болады. Әйтпесе, 12-минутта Рафинья гол соғып, «Барселона» екі доп айырмасымен алда тұрған. Алаң иелерінің шабуылы да өткір әрі толассыз еді. Алайда, 29-минутта каталондық клуб алаңда бір ойыншысынан айрылғаннан кейін ПСЖ «білгенін істеді.

40-минутта Усман Дембеле есепті теңестірді. 54-минутта Витинья ПСЖ үшін екінші голды соқса, 61-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден есепті 3:1-ге жеткізді. Ал, 89-минутта ол дубль авторы атанып, «Барселонаның» үмітін біржола үзді.

Еске салайық, Парижде өткен алғашқы матчта «Барселона» 3:2 есебімен жеңген болатын.

«Боруссия» – «Атлетико»

ПСЖ-ға жартылай финалда Дортмундтың «Боруссиясы» қарсы ойнайды. Өз алаңында немістер мадридтік «Атлетиконы» 4:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Мадридте өткен алғашқы ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қарымта ойынның бірінші таймында «Боруссия» қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соқты. 34-минутта Юлиан Брандт алыстан әуелеп келген пасты қақпаның бұрышына дәл теуіп есеп ашса, араға бес минут салып қорғаушы Ян Матсен есепті еселеді.

Екінші тайм испандықтардың толассыз шабуылымен басталды. 49-минутта бұрыштамадан көтерілген допты «Боруссия» ойыншысы Маст Хуммельс өз қақпасына соғып алды. Ал, 64-минутта «Атлетико» шабуылшысы Анхель Корреа есепті теңестіріп кетті.

Екінші таймның екінші жартысында «Боруссия» ойыншылары оянды. 71-минутта Марсель Забитцердің пасын шабуылшы Никлас Фюллькруг ұтымды пайдаланса, 74-минутта сол Фюллькругтың өзі испандық клубтың қақпасына төртінші голды соғып, командасын жартылай финалға алып шықты.

Бүгін «Бавария» өз алаңында «Арсеналды» қабылдаса, «Манчестер Сити» Мадридтің «Реалымен» өзара мықтыны анықтайды. Командалар алғашқы ойындарында тең тарқасқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам