Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ордабасы», «Ақтөбе», «Астана», «Елімай» клубтарына айыппұл салынды

17.04.2024, 11:32

Командалар ҚПЛ талаптарын бұзған

«Ордабасы», «Ақтөбе», «Астана», «Елімай» клубтарына айыппұл салынды
Ордабасы ФК

Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік бақылау комитетінің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша Премьер-лигада ойнайтын бірнеше клубқа айыппұл салынды.

«Ордабасы» клубына айыппұл

Премьер-лиганың 3-турында «Ордабасы» мен «Қайрат» кездескен. Шымкенттік жанкүйерлер (шығыс трибунасының 15-ші секторы) матчтың 58 және 82-ші минуттарында «Қайрат» ФК ойыншылары мен төрешілерге лазер түсірген. Осыған байланысты Шымкент командасына ескерту жасалды. Матчтың ресми өкілдеріне (төрешіге) балағат сөз айтқаны үшін «Ордабасыға» 120 АЕК көлемінде (443 мың теңге) айыппұл салынды.

Одан бөлек, матч делегатының ескертуіне қарамастан техникалық аймақта (қосалқы төреші орнында) бөтен адамның болуына байланысты тағы 100 АЕК (369 мың теңге) айыппұл салынды.

«Ақтөбе» клубына айыппұл

«Ақтөбе» мен «Жеңіс» кездесуі бойынша «Ақтөбе» клубына 80 АЕК (295 мың теңге) айыппұл белгіленді. Өйткені, ұйымдастыру жиналысында команда әкімшісі, жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі қызметкер, медиа офицер, медициналық және өртке қарсы қызмет өкілдері болмаған.

«Астана» мен «Елімай» клубтарына айыппұл

«Астана» мен «Елімай» матчы бойынша Семей командасына 100 АЕК (369 мың теңге) айыппұл салынды. Өйткені «Елімайдың» 6 футболшысы ескерту алған.

Қарсыласын айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін «Астана» ФК ойыншысы Алекс Аманович 1 (бір) ойынға шеттетілді.

Ұйымдастыру жиналысында медициналық қызмет өкілі келмегені үшін «Астана» клубына 60 АЕК (221 мың теңге) айыппұл салынды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам