Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

«Месси өз шыңында»: даңқты футболшы тағы дубль жасады (ВИДЕО)

21.04.2024, 10:48

Сондай-ақ, ол нәтижелі паспен де көзге түсті

Футболдан АҚШ чемпионатының (МЛС) кезекті туры аясында «Интер Майами» өз алаңында «Нэшвилл» клубын қабылдап, 3:1 есебеміне жеңіске жетті.

Ойынның небәрі екінші минутында «Интер Майами» қорғаушысы Франко Негри байқаусызда өз қақпасына гол соғып, «Нэшвилл» есепте алға шықты. Алайда, аргентиналық даңқты шабуылшы Лионель Месси 11-минутта есепті теңестірсе, 39-минутта Серхио Бускетс алаң иелерін алға шығарды. Ал, екінші тайм аяқталар тұста Месси «Нэшвилл» қақпасына пенальтиден үшінші голды соғып (81-минут), дубль авторы атанды.

10 ойыннан кейін 18 ұпай жинаған «Интер Майами» турнир кестесінің көшін бастап келеді. «Нэшвилл» болса 7 ұпай жинап, 25-орынға жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам