Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

Футбол федерациясының штаб-пәтері Астанадан Ақтөбеге ауысады

26.04.2024, 17:27

Ақтөбе отандық футбол адрларын дайындаудың озық өлкесіне айналады дейді ҚФФ басшысы

Футбол федерациясының штаб-пәтері Астанадан Ақтөбеге ауысады
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Ақтөбе қаласына арнайы сапармен барды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бәрменқұлов облыс әкімінің орынбасары – «Ақтөбе» футбол клубының Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуовпен бірге аймақтың футбол активімен кездесті.

Басқосуға ANTEQ ұйымының мүшелері, «Ақтөбе» ФК қызметкерлері, жаттықтырушылар мен футбол ардагерлері қатысты.

Кездесу барысында федерация президенті Қазақстан футболының даму стратегиясын таныстырып, Ақтөбе қаласында ҚФФ-ның штаб-пәтері орналасатынын жеткізді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Ақтөбе отандық кадрларды дайындаудың озық өлкесіне айналатынын атап өтті.

Кездесу барысында Ғалымжан Елеуов келген қонаққа алғыс білдіріп, жергілікті менеджменттің дамуына бірлесе атсалысуға қолғабыс ететінін алға тартты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам