Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

«Лестер» АПЛ-ге қайта оралды

27.04.2024, 10:12

2015/16 жылғы маусымда «Лестер» Англия Премьер-лигасының чемпионы болған еді

«Лестер» АПЛ-ге қайта оралды
Sport24.ru

Чемпионшипта «Куинз Парк Рейнджерс» «Лидс» командасын 4:0 есебімен жеңгеннен кейін «Лестер» турнирдің бірінші сатысына тұрақтады. Осылайша «түлкілер» келер жылы АПЛ-ге қайта оралады.

Былтырғы маусымда «Лестер» Премьер-лигада 18-орын алып, Чемпионшипке төмендеген болатын. 

Ал, Чемпионшиптің ережесіне сәйкес, алғашқы екі орынды иеленген командалар тікелей АПЛ-ге жолдама алады. 3-6 орын аралығындағы командалар болса тағы бір жолдаманы өзара сарапқа салады.

44-турдан кейін «Лестер» 94 ұпаймен Чемпионшиптің көшін бастады. 45 ойын өткізген «Лидс» болса 90 ұпаймен екінші орында тұр. 89 ұпайы бар «Ипсвич Таун» кестенің үшінші сатысында. Енді алдағы ойындардың бәрінде «Лестер» жеңіліп қалса да екінші орыннан төмен түспейді, яғни қандай нәтиже болғанына қарамастан олар келер жылы АПЛ-де ойнайды.

Еске салайық, 2015/16 жылғы маусымда «Лестер» Англия Премьер-лигасының чемпионы болған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам