Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

«Қайсар» ойыншылары үш еселенген сыйақы алатын болды

28.04.2024, 10:17

Клуб басшысы футболшыларға уәде берген

«Қайсар» ойыншылары үш еселенген сыйақы алатын болды
Қайсар ФК

Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы туры аясында өз алаңында Алматының «Қайратын» жеңген қызылордалық «Қайсар» ойыншылары үш еселенген бонус алады деп жазады Meta-ratnigs.kz сайты.

Еске салайық, аталған матч 1:0 есебімен аяқталды. Ойынның 90+4 минутында «Қайсар» сапынан Айбар Жақсылықов гол соғып, командасына чемпионаттағы алғашқы жеңісті алып келген. Қуанышы қойнына сыймаған клуб басшысы Садық Мұстафаев болса киім ауыстыру бөлмесіне келіп, футболшыларға ірі көлемде сыйақы беретінін мәлімдепті.

Бес ойыннан кейін төрт ұпай жинаған «Қайсар» турнир кестесінің 12-орнында келеді (кестеде барлығы 13 команда). Ал, соңғы екі матчта жеңілген «Қайрат» алтыншы орында тұр, оның еншісінде сегіз ұпай ғана бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам