Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Өзбекстанның Азия кубогындағы ойыны драмаға ұласты

04.05.2024, 00:26

Олар енді Олимпиада ойындарында бақ сынайды

Өзбекстанның Азия кубогындағы ойыны драмаға ұласты
©Championat.asia

Футболдан 23 жасқа дейін Өзбекстан құрамасы Азия кубогының финалында Жапония құрамасымен кездесті.

Матч Катар астанасы Дохада өтті. Өзбектер Азия кубогының финалына шығып, Париж Олимпиадасына жолдама алған соң, негізгі ойыншыларын босатып, қосалқы құрамның жастарын алаңға шығарды. Абдукодир Хусанов, Хожимат Эркинов, Аббосбек Файзуллаев секілді футболшылары клубтарына кетіп қалды.

Соған қарамастан Тимур Кападзе лайықты қарсылық көрсетті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталғандықтан, төреші қосымша 11 минут қосқан. Осы тұста есеп ашылды. Алдымен 91-минутта Фуки Ямада жапондарды алға шығарған. Қарсыластың таразы басын теңестіре алатын мүмкіндігі болған. Бірақ, 100-минутта пенальтиден Умарали Рахмоналиев мүлт кетті.

Сөйтіп, 1:0 есебімен соңына дейін сақталып, Жапония жастары Азия чемпионы атанды. Бұл олардың жастар арасындағы екінші алтыны.  Бұған дейін жапондар 2016 жылы топ жарған.

Өзбекстан сапында ойнап жүрген футболшылардан «Қайрат» қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошев бар. Сондай-ақ, құрама капитаны Жасур Жалолиддинов те кезінде Алматы командасында өнер көрсеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам