Ол аталған клубтан даумен кеткен болатын
«Тобылдың» бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис BorodAbata YouTube-арнасына берген сұхбатында қостанайлықтардан қалай ұсыныс түскенін мәлімдеді.
«Тобылдан» ұсыныс маған украиналық танысым арқылы жетті. Бізде Словакия клубымен келісім болған, бірақ ол үшін аздап күту керек еді. Нәтижесінде Украинадағы достарым «Тобылды» таңдауға көндірді. Бастапқыда мен бас директор емес, кеңесші болуым керек еді. Бұған дейін бұл қызметті Николай Панин атқарған. Миличтің келісімшарты аяқталған соң мені бас бапкер қызметіне қарастырды. «Ұлы комбинатор» Әлімжан Қалдияров чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда клубты басқару туралы ұсыныс жасады, себебі ол Қазақстан кубогы қалтада деп ойлады. Қалдияров әдептен бейхабар, ол жұмыс істеп отырған адамның орнына біреуді апарып қоя салу дұрыс еместігін түсінбейді. Футболда мұндай әрекет жазаланады. Санжар Сейтқказинов пен Әлімжан Қалдияров футболдан мүлде бейхабар, екеуі де «нөл». Алдымен чемпионатты аяқтап, сонан соң ғана келіссөздерге кірісуі керек еді. Әйтпесе Чурчич жап-жақсы жұмыс істеп жатқан. Футболды түсінбейтін адамдар онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды», - деді Канчельскис.
Айта кетейік, 2023 жылғы жаздан бері Канчельскис «Тобыл» клубының бас директоры қызметін атқарды. Бұған дейін ол клубтың тек иесі Әлімжан Қалдияровпен кикілжің болғанын айтқан.