Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Роналду хет-трик жасап, командасына жеңіс алып келді

05.05.2024, 02:46

Португалдық шабуылшы 32 голмен сұрмергендер көшін бастап келеді 

Роналду хет-трик жасап, командасына жеңіс алып келді
instagram.com/cristiano/

Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының 30-туры аясында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Вахданы» қабылдап, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду бұл матчта үш гол соғып, хет-трик авторы атанды.

Ойынның 5-ші және 12-минуттарында Криштиану Роналду екі мүмкіндігін де сәтті пайдаланып, таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізсе, 18-минутта Садио Маненің пасын ұтымды пайдаланған Отавио қонақтар қақпасына үшінші голды соқты. Ал, екінші тайм басталған сәтте (46-минутта) Маненің өзі көзге түсті. 52-минутта Роналду үшінші голын соқса, 88-минутта Мохаммед әл-Фатиль есепті 6:0-ге жеткізді.

Осы жеңістен кейін «Әл-Наср» 74 ұпаймен екінші орында келеді. Бірінші орында – «Әл-Хиләл» (83 ұпай). Ал, «Әл-Вахда» болса 32 ұпаймен 12-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам