Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Магомед Адиев командасы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

05.05.2024, 01:40

«Ахмат» турнир кестесінің 10-сатысына көтерілді

Магомед Адиев командасы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді
ФК «Краснодар»

Қазақстан құрамасының бас бапкері жаттықтыратын Грозныйдың «Ахмат» клубы Ресей чемпионатындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. РПЛ-дің 27-туры аясында сырт алаңда «Краснодармен» ойнаған Шешенстанның клубы 1:0 есебімен басым түсті.

Бұл – Адиев шәкірттерінің қатарынан төртінші жеңісі. Бұған дейін олар ЦСКА-ны (2:1), «Сочиді» (1:0) және «Пари Нижний Новгород» клубын (5:1) жеңген болатын.

«Краснодармен» болған матчта жалғыз голды 46-минутта Мохамед Конате соқты. 

Осылайша, 27 ойында 32 ұпай жинаған «Ахмат» турнир кестесінің 10-сатысына көтеріліп отыр. «Краснодар» болса 50 ұпаймен екінші сатыда. Дәл осындай ұпайы бар питерлік «Зенит» көш бастап келеді.

Еске салайық, Магомед Адиев «Ахматпен» алты матч өткізді. Алғашқы екеуінде оның шәкірттері ойсырай жеңілсе, қалған төртеуінде 12 ұпай еншіледі.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам