Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қуат Хамитов АҚШ-та үйсіз қалған Мария Агаповаға қамқорлық көрсетеді

21.05.2024, 02:09

Оны біреулер секс-құлдыққа сатып жібермек болған

Қуат Хамитов АҚШ-та үйсіз қалған Мария Агаповаға қамқорлық көрсетеді
instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов АҚШ-та қиын жағдайға тап болған Мария Агаповаға көмек қолын созатын болды.

Қаржы жағынан тарығып, панасыздар үйіне барудың алдында тұрған спортшыға Қуат көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Агапованың жанайқайынан кейін танымал спортшы отандасының жайына бей-жай қара й алмайтынын айтқан.

«Мұндайды естудің өзі өкінішті. Бұған менің жүрегім қатты ауырды. Кейде осындай спортпен айналысу қаншалықты маңызды деп ойлайсың. Еліңнің туын көтересің, соңында осылай болып қаласың. Мен өз тарапымнан оған көмектесуге тырысамын. Мен онымен байланысып, жағдай туралы білемін. Майамиде достарым бар. Біз туымызды көтеріп жүрген спортшыны қолдауымыз керек. Қандай жағдайда болмасын, мен оған жақсылық тілеймін және бәрі жақсы болатынына сенем», - деді Хамитов.

Айта кететін жайт, Мария Агапова UFC-ге қадам басқан қазақстандық алғашқы әйел спортшы. Ол қазіргі уақытта АҚШ-та тұрады. Екі жылдық үзілістен соң октагонға қайта оралған 27 жастағы спортшы 14 маусымда UFC on ESPN+ турнирінде Бразилия файтері Луана Сантоспен шеберлік байқасады.

Күні кеше отандасымыз далада қалғанын және оны бәзбіреулер секс-құлдыққа сатып жібермек болғанын мәлімдеген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам