Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Адиев ұлттық құрамадағы соңғы ойынына Бақтиер Зайнутдиновті шақырған жоқ

21.05.2024, 13:25

Екі матч та сырт алаңда болады

Адиев ұлттық құрамадағы соңғы ойынына Бақтиер Зайнутдиновті шақырған жоқ
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы Армения және Әзербайжанмен өтетін жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Бұл Магомед Адиевтің ұлттық құраманың бас бапкер ретіндегі соңғы ойындары болуы мүмкін. Өйткені «Ахмат» клубы оның бір ғана жұмысты жалғастырғанын қалайды.

Алдымен ұлттық құрама 7 маусымда Армения астанасы Ереванда сол елдің құрамасымен шеберлік байқасады. Одан кейін Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында Әзербайжанмен ойнайды.

Осы матчтарға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі шықты. Бірақ олардың арасында Бақтиер Зайнутдинов жоқ. Ол жарақатына байланысты Түркия чемпионатында «Бешикташтың» соңғы матчтарына қатыс алмаған болатын.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы - «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (барлығы - «Тобыл»), Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (барлығы - «Ақтөбе»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі - «Ордабасы»), Әділхан Добай («Жетісу»), Михаил Габышев («Елімай»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы - «Ордабасы»), Максим Самородов, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов (барлығы -«Ақтөбе»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Куат (екеуі - «Астана»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов (барлығы - «Астана»), Иван Свиридов («Елімай»), Абат Аймбетов («Адана Демирспор», Түркия).

Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам