Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Әркім қара басын ойламай, бірігіп жұмыс істеу қажет – ҚФФ президенті футбол менеджерлеріне шүйлікті

21.05.2024, 15:19

Биылғы чемпионатта төрешілер қатаң сынға ұшырап жатыр

Әркім қара басын ойламай, бірігіп жұмыс істеу қажет – ҚФФ президенті футбол менеджерлеріне шүйлікті
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов отандық футболды сынап жүрген мамандарға үндеу арнады. ҚФФ басшысы әлеуметтік желі арқылы саладағы ресми тұлғаларды бірлікке шақырып отыр.

Есте болса, бұған дейін ҚПЛ-дегі кейбір клуб басшылары мен бапкерлер ел чемпионатына төрелік ететін арбитрлардың жұмысын сынаған болатын. Сондай-ақ, легионерлерге шектеудің алынып тасталғанына да наразылық білдіргендер көп болды.

«Ел чемпионатында қызмет атқаратын қазақстандық төрешілерге айтылған сынға тоқталсақ. Төрешілердің жұмысына қатысты эмоциялық көзқарастар мен жанкүйерлердің пікірін қабылдаймыз. Өйткені, футбол ең алдымен жанкүйерлер үшін!

Алайда, футбол саласында жұмыс істейтін ресми тұлғалардың ел футболының беделіне нұқсан келтіру әрекеттері спортқа тән әдептің жоқтығы, сонымен қатар өзімшілдік пен біліктіліктің төмен екенін білдіреді.

Футбол клубтарының жетекшілері уақытша ойламай, ауқымды әрі жүйелі жұмыс істеуі тиіс. Біздің футболды тәртіпке келтіру үшін әркім өзінің қара басын ойламай, ауызбіршілік таныту қажет», - деп жазды Ә.Бәрменқұлов.

Ал, легионерлердің көп болуы – бәсекелестікті ғана арттырып қоймай, ел чемпионатының деңгейін көтереді дейді ол. Яғни, отандық ойыншыларда ынта-жігер артады-мыс.

«Бұл чемпионат деңгейін арттырып қоймай, жанкүйерлер үшін тартысты әрі болжамы қиын ойындарға алып келді. 2023 жылы Премьер-лига ойындарын 854 000 жанкүйер тамашалады. Осы екі жарым айдың ішінде Лига ойындарын 300 000 мыңға жуық жанкүйер қарады. Биыл 2 миллионға дейін жеткізу жоспары бар. Бұл көрсеткіштер демеушілер мен инвесторлар үшін өте қызықты», - дейді ол.

Сөз соңында ол футбол менеджерлерінің бәрін бірге жұмыс істесуге шақырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам