Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Қайрат» Кержаковпен келісімге келді – дереккөз

22.05.2024, 10:44

Команданың бапкерсіз ойнап жатқанына бір айға жуықтады

«Қайрат» Кержаковпен келісімге келді – дереккөз
РИА Новости

Алматылық «Қайрат» футбол клубының басшылары ресейлік маман Александр Кержаковты бас бапкер ретінде таңдады деп жазады «Серый CARDINAL» телеграм-каналы.

Бұған дейін аталған позицияға үш кандидатура қарастырылып жатқаны хабарланған еді. Олардың бірі Кержаков болса, қалған екеуі туралы нақты мәлімет болған жоқ.

«Ресми шешімді 27-28 мамырда жариялайды. Клуб басшылығы әлі де болса таңдау үстінде. Нақты шешім болғанда айтамыз. Негізі таңдау бар, қазір барлығының келісімін алып жатыр. Бұл туралы бізге өте сенімді инсайдер хабарлады. Таңдаудың Кержаковқа түскені белгілі. Бірақ, шешім аяқасты өзгеріп кетуі де ғажап емес», - деп жазылған аталған жазбада.

Айта кетейік, «Қайраттың» бапкерсіз ойнап жатқанына бір айға жуықтады. Алматылық клуб қазір турнир кестесінің үшінші сатысында келеді.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам