Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Магомед Адиев Қазақстан құрамасында қала ма?

22.05.2024, 01:09

Маманның өзі пікір білдірді

Магомед Адиев Қазақстан құрамасында қала ма?
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ахмат» клубының бас бапкері Магомед Адиев өзінің болашағына қатысты пікір білдірді. Қос команданы қатар алып жүрген маман біреуінен бас тартуы мүмкін екені бұған дейін айтылған.

Айта кету керек, Адиев пен Қазақстан құрамасының арасындағы келісімшарт мерзімі 1 маусымда аяқталады.

«28 мамырда мен Қазақстанда боламын, ұлттық құрамадағы міндетіммен айналысамын. Алда жолдастық екі кездесу бар, соларды өткізіп болғаннан кейін бәрі белгілі болады», - деді Адиев «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында.

46 жастағы маман биыл сәуірде Грозныйдың «Ахмат» клубына бас бапкер болған еді. Ол екі қызметті қатар алып жүр.

Ал, Қазақстан құрамасы 7 маусымда – Армениямен, 11 маусымда Әзірбайжанмен жолдастықт кездесу өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам