Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Мохамед Салах имиджін түбегейлі өзгертті

24.05.2024, 16:16

Әйгілі футболшы шашын тықырлап алып тастаған

Мохамед Салах имиджін түбегейлі өзгертті
instagram.com/mosalah/

Англия чемпионатының соңғы турында «Вулверхемптонды» 2:0 есебімен жеңгеннен кейін «Ливерпуль» ойыншылары демалысқа кетті. Олар енді жаңа маусымға Арне Слоттың басшылығымен дайындалады.

Ал, клубтың басты жұлдызы Мохамед Салах болса имиджін түбегейлі өзгертті. Ол шашын тықырлап алып, жаңа образдағы фотосын әлеуметтік желіге жүктеген.

Желі қолданушылары болса Салахты бұрын-соңды дәл мұндай тықырлап алынған шашпен көрген емеспіз дейді. Тіпті, «Ливерпульге» дейін «Базель» мен «Эраб Контракторс» командаларында жүргенде де оның уысқа ілінетіндей шашы болған дейді олар.

Айта кетейік, египеттік шабуылшының биылғы маусымнан кейін «Ливерпульден» кетуі мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда, футболшының өзі бұл сыбысты растаған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам