Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Барселона» бас бапкер Хавиды қызметінен босатты

24.05.2024, 17:16

Оның отставкаға кететіні 22-турдан кейін-ақ белгілі болған

«Барселона» бас бапкер Хавиды қызметінен босатты
Getty Images

«Барселона» ақыры бас бапкерін ауыстыру туралы түпкілікті шешім қабылдады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Барселона» клубы Хавиге бапкер ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіреді. Жекенсенбі күні ол Севильяда соңғы ойынын өткізеді», - делінген клубтың хабарламасында.

27 қаңтарда Испания чемпионатының 22-турындағы ойында «Барселона» өз алаңында «Вильярреалдан» (3:5) ұтылды. Матчтан кейін Хави маусымның соңында отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол бұл шешімін клубтың даму бағытын өзгерту керек деп түсіндірді. Кейін испаниялық бұл ойын өзгертіп, қалатын болған. Енді міне, «Барселонаның» өзі келісімшартты бұзуға шешім қабылдады. 

Хави 2021 жылдың қарашасынан бері «Барселонаның» бас бапкері қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен команда былтыр Испания чемпионы атанып, ел суперкубогын да жеңіп алды. 

Бұл маусымда мадридтік «Реал» мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды. «Барселона» қазір 79 ұпаймен екінші орында. «Жирона» үшінші орында. Чемпионаттың аяқталуына дейін командалардың екі ойыны бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Хавидің орнына «Барселонаның» бапкері ретінде кім келетіні айтылған. Алдағы маусымда команданы неміс маманы Ханс-Дитер Флик жаттықтыруы мүмкін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам