Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Нұрәлі Әліп: «Уайымнан екі күн ұйықтаған жоқпын, әйелім мешітке барды»

26.05.2024, 13:28

Ол командаластарымен бірге жеңісті екі тойлайтынын айтты

Нұрәлі Әліп: «Уайымнан екі күн ұйықтаған жоқпын, әйелім мешітке барды»
Зенит ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы сапында үшінші рет Ресей чемпионы атанды. Футболшы соңғы турдың матчынан кейін эмоциясын жасыра алмады.

Осы жолы Ресейде чемпиондық тек соңғы турда анықталды. Бірден үш команданың мүмкіндігі болған. Алайда, тағы да «Зениттің» жолы болып, кезекті рет топ жарды. 

Нұралы Әліп матчтан кейін жергілікті БАҚ-қа сұхбат берген.

– Эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соңына дейін чемпион болатынымызға сендім. «Ростовпен» матчтың бірінші таймында қиынға соқты. Ойын жүрмей жатты. Оның үстіне болмайтын гол жіберіп алдық. Қайта өзіміз екі гол салдық. Футболды осындай эмоциялары үшін жақсы көреміз. «Краснодар» да жеңіске жетіп, бізге көмектесті. 

– Қатар өтіп жатқан матчты қарадың ба?

– Жеке өзім тамашаламадым. Бірақ біз жеңіске жеткенде жігіттердің алаңға жүгіріп шыққанын көріп, не болғанын түсіндім. 

– Спорттық карьераңда мынандай драмаға толы ойындар болмаған шығар?

– Командада ешкім әзірге мұндай эмоциямен кездеспесе керек. Бірінші рет үш команда соңғы турда чемпиондыққа таласып, сәт сайын жағдай өзгеріп тұрды. Мұндай бәрімізде бірінші рет болды. 

– Неліктен «Зенит» чемпиондықты соңғы турға қалдырды?

– Өзім де білмеймін. Бұл бір таңғжайып жағдай. «Факелмен» матчта доп менің қолыма тиіп, пенальти берді. Осы ойында ұзақ сараптадым. Құдайға шүкір, жігіттердің бәрі мені қолдады. «Ештеңе етпейді, чемпион атанып, бәріне дәлелдейміз» деді. Сөзімізде тұрып, чемпион атандық. 

– Уайымдап, ұйықтамаған боларсың?

– Әрине, соңғы екі күн көз ілмедім. Әйелім мешітке барып, дұға жасады. 100 пайыз дайындалдым. 

– Ресей кубогының финалына күш қалды ма?

– Бізде әлі бір апта бар. Екі күн жігіттер чемпиондықты тойлап, демалады. Сосын қайтадан жаттығуға кірісеміз.

– Қазақстаннан құттықтап хабарласқан жақындарын бар ма?

– Әйелім мен қызым осында. Олар барлық құттықтауларға жауап берді. Мен қазір бәріне бірдей жауап бере алмаймын. Екі адамға жаздым. Барлығына алғысымды білдіремін. 

– Осыған дейін неше рет чемпион болдың? 

– Қазақстанда «Қайратпен» бір рет, Ресейде «Зенитпен» үш рет топ жардым. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам