Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

Ресейлік футбол ардагері Кержаковтың «Қайратқа» тағайындалуына қатысты пікір білдірді

26.05.2024, 19:57

Ол Қазақстандағы футбол деңгейінің төмен екенін айтты

Ресейлік футбол ардагері Кержаковтың «Қайратқа» тағайындалуына қатысты пікір білдірді
Championat.asia

Ресейлік танымал ардагер футболшы Андрей Канчельскис Александр Кержаковтің Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуы жайлы ойын айтты. 

Канчельскис «Қайраттың» жоғары мәртебесі және клубтың бай тарихы мен дәстүріне де тоқталған. Ресейлік маманның пікірінше, еліміздегі футбол деңгейі өзбекстандық футболдан төмен. 

«Посткеңестік елдерге көз жүгіртер болсақ, бұл өңірде көш басында Өзбекстан тұр. Қазақстан екінші орынға жайғасса, одан кейін Тәжікстан және басқа елдер келеді», - деді Канчельскис.

Дегенмен, Канчельскис Кержаковтің бапкерлік қабілетін баға беруге жөн көрмеген. 

«Мен Александрмен жеке таныс емеспін. Сондықтан оның жаттығу жүйесі жайлы ештеңе айта алмаймын. Оған «Қайратта» сәттілік пен табысты нәтиже тілеймін. Оның жұмысын маусым соңында ғана бағалай аламыз», - деді ол. 

Александр Кержаков Алматы клубына келгенге дейін Сербияның «Спартак» клубын баптады. Сонымен қатар ол Кипрдің «Кармиотисса», жергілікті «Нижний Новгород» және «Томь» клубтарында бапкерлік қызмет атқарған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам