Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Мадридтік «Реал» тағы бір рекордын жаңартты

27.05.2024, 09:43

Команда кезекті рет Ла Лига чемпионы атанып отыр

Мадридтік «Реал» тағы бір рекордын жаңартты
Getty Images

Футболдан Испания чемпионатының соңғы турында Мадритдің «Реалы» өз алаңында «Бетисты» қабылдап, 0:0 есебімен тең ойнады. Осылайша, корольдік клуб 21 матчта қақпасына гол жібермей, өз рекордын жаңартты.

Бұрынғы рекорд 1986/1987, 1987/1988 және 2019/2020 жылдардағы үш маусымда тіркелген болатын. Ол кездерде «Реал» 19 матчта қақпасына гол жібермеген.

Биыл мадридтік клуб қақпашыларының арасынан Луниннің нәтижесі жоғары, ол 10 ойында қақпасын таза сақтап қалды.

Айта кету керек, биылғы маусымда «Реал» тек бір матчта ғана жеңіліп, 29 рет жеңіске жетті және сегіз ойында тең ойнаған. Еншісінде 95 ұпай. Ал, екінші орында 85 ұпаймен «Барселона» жайғасса, үздік үштікті «Жирона» қорытындылады (81 ұпай).

Келесі жылғы маусымда Ли Лигада «Кадис», «Альмерия» және «Гранада» өнер көрсетпейді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам