16 жастағы әлем чемпионы Қазақстан атынан Олимпиадада бақ сынайды

Telegram WhatsApp

Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетеді

Арлан Олжабай
Арлан Олжабай

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткеннен кейін енді Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр.

16 жастағы спортшы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайды.

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сұпығалиева өз жас санатындағы әлемдік рейтингте бірінші орында тұр.

Фатима Сұпығалиева 22 тамызда Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ол Қазақстан тарихында дзюдодан әлем чемпионы атанған алғашқы қыз спортшы болды.

Бұл жетістік жас дзюдошының халықаралық аренадағы маңызды нәтижелерінің бірі саналады. Енді ол Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында да жоғары нәтиже көрсетуге талпынады.

Фатима Сұпығалиеваның басты жетістіктері:

  • 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы;
  • 2026 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионы;
  • 2026 жылғы командалық әлем чемпионатының жеңімпазы;
  • Қазақстан Республикасының спорт шебері;
  • халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Айта кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтеді. Қазақстандық спортшылар жарыстың бірнеше спорт түрінде ел намысын қорғайды.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 40 669 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 915 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 41 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 73 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 72 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 465 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 342 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 535 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 584 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 292 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 175 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 309
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›