Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

ҚФФ президенті мерзімінен бұрын қыметінен кете ме? Турлов келесі кандидат па?

27.05.2024, 20:07

ҚФФ президенті әрбір төрт жыл сайын сайланады

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде "Қазақстан футбол федерациясының келесі призиденті Тимур Турлов болуы мүмкін" деген ақпарат желдей есіп тарады. ҚФФ бұл ақпараттың рас-өтірігіне байланысты әлі ресми жауап берген жоқ. Ал БІРІНШІ БОЛ подкастында желіде тараған жаңалықтың қайдан шыққанын, бұл ақпараттың артында кім тұрғанын талқыладық. 

ҚФФ президенті әрбір төрт жыл сайын сайланады. Соңғы рет сайлау 2022 жылдың ақпанында өтіп, Федерация басшылығына Әділет Бәрменқұлов келді. Келесі сайлауға дейін әлі 2 жылға жуық уақыт бар. Ендеше, мұндай ақпараттық майдан неге қазір басталып жатыр? Әлде ҚФФ президенттігіне кандидаттар ұйым басшысы болу қамына ерте кірісіп кетті ме?

Міне, осы және өзге де сауалдарға тұрақты сарапшыларымыз – Ермұхамед Мәулен мен Елдос Ахметов жауап берді.

Одан бөлек, биыл Қазақстанда QFL лига кубогы дейтін су жаңа турнир басталды. Жаңа турнирдің жүлде қоры – 1 миллион доллар. Кубок үшін таласқа еліміздің 15 өңірінен 16 мықты клуб кірісіп кетті.

Алғашқы турда "Қайрат", "Ақтөбе" сияқты фавориттер жеңіске жетті. "Ордабасы" тең ойнап, "Астана" мен "Тобыл" жарысты жеңіліспен бастады.

Мұндай тәжірибе Англияда бар. Ал, Қазақстанға қажет турнир ме? Елдос Ахметов әрбір футболшы бір маусымда 40 шақты матч өткізуі керектігін, ал Қазақстанда клубтар санының аздығына байланысты QFL лига кубогы сияқты коммерциялық турнирлер болғанын қолдайтынын айтты.

Ермұхамед Мәулен бұл турнир қаржылық жағдайы қиын клубтар үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтты. Одан бөлек, қосалқы құрамдағы футболшылар үшін өзін көрсетудің төте жолы болатынын жеткізді.

Кезекті подкастымызда айтылған қызықтардан құр қалмайын десеңіз, сиясы кеппеген жаңа шығарылымды көріп шығыңыз! Пікір қалдырыңыз, сарапшылармен келіспейтін тұсыңыз болса, міндетті түрде жазып кетіңіз!

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам