ЖБ-болжам. «Бавария» ПСЖ-ны таптап өтеді, «Лейпцигте» шанс жоқ, «Ливерпуль» «Реалды» жеңеді

Семіздіктің сергелдеңіне түскен ТОП-10 футболшы

27.05.2024, 22:16

Олардың арасында әліге дейін мансабын аяқтамағандары бар

Бұрын адамдар салмақтың жеткіліксіздігінен зардап шексе, қазір артық салмақ пен семіздіктен сергелдеңге түсетін болды. Қарны шығып кеткен қарапайым адамды көрсек те, бір түрлі қараймыз, ал ол спортшы болса тіптен ерсі көрінетіні жасырын емес. Ең қызығы алдағы 1 маусымда Чемпиондар лигасының финалында салмағы 103 келі тартатын футболшы ойнауы мүмкін. Оның есімі – Никлас Зюле. «Боруссия» Дортмунд қорғаушысы «Реалдың» ұстараның жүзіндей лыпылдап тұрған Вини, Родиго, Беллингем секілді жылдам ойыншыларын тоқтата ала ма деген сұрақ бар.

Жалпы, артық салмақтан зардап шеккен футболшы жалғыз Зюле емес. Мұндай футболшылар бұған дейін де болған. Бүгін “Бірінші гол” арнасы назарларыңызға семіздік сергелдеңіне түскен ТОП-10 әлемдік футбол жұлдызын ұсынады.

Роналдо-феномен

Феномен-Роналдо, Зубастик-Роналдо. Аты аңызға айналған футболшыны да артық салмақ айналып өтпеді. Мадрид пен Миланның түнгі клубтарынан шықпаған, Бразилиядағы карнавалдан қалмайтын Роналдоға да кейінгі жылдары қарындағы майды кетіру оңай болмады.

Ол алғаш рет артық салмаққа бірінші жарақаты кезінде кезікті. Ал қарны қатты шыққан тұс 2006 жыл болатын. Бұл кезде «Зубастик» 30 жаста еді. «Реалды» сол жылдары өте қатал бапкер Фабио Капелло жаттықтыратын. Италиялық маманның темірдей тәртібі де легенданың жіптіктей жүруіне әсере ете алмады.

Роналдоға  гипотиреоз диагнозы қойылды. Бұл метаболизмді айтарлықтай бәсеңдететін қалқанша безінің гормондарының жетіспеушілігі. Мұның бәрі асқазанда артық заттардың жиналуына әкеледі.

Роналдо қарны шығып, артық салмақпен бес жыл жүрді. Сосын семіздік, жарақат барлығы маза бермеген соң, 35 жасында карьерасын аяқтады.

Диего Марадона

Марқұм Диего Марадона карьерасының ең бір шыңырау шыңына жеткен кездің өзінде артық салмақтан арыла алмаған. Бірақ бірнеше қорғаушыны алдауына, «сольный проходтарын» жасауына оның өзі кері әсерін тигізбепті.

Диего Арманданың жарқыраған кезі 1986 жылғы Мексикадағы футбол тойы. Сол кезде салмағы 70 келі болған. Арада 4 жыл өткенде келесі әлем чемпионатында 76-78 келімен жүрді.

Бір кездері ескірткіге әуес болды. Кокаинға әбден есі кетті. Салмақ тіпті көбейді. 2000 жылдардың басында 1,67 метр ғана бойы бар Марадонаның салмағы 128 келіге жетті. Операция жасап, артық салмақтан арылғысы келді.

Эден Азар

Былтыр Мадридтің «Реал» клубы Эден Азармен келісімшартты үзген болатын. Себебі, артық салмағы бар футболшы Переске керек болмай қалды. Футболшы осыдан кейін карьерасын да аяқтады. «Реалға» келіп, «Алтын доп» аламын деген бельгиялықтың арманы жүзеге аспай, уақытының көбі донер мен бургер жеумен өтті.

Мадридтегі алғашқы жаттығуында-ақ Азар артық салмағымен көрініп қалған. Сөйтсе бургер, пиццаны жақсы көреді екен. Фастфуд десе жанын беретін жандардың бірі. Реалда жүргенде салмағы 85 келіге жеткен.

Артық салмақ Азардың жылдамдығына да  әсер етті. Бұрын 2-3 ойыншы жай әшейін алдап кететін Эден соңғы жылдары зорығып қалатын болды. Амал жоқ, футболмен қоштасты. Енді бургер емес, KFC жеп жүрсе де өзі біледі.

Уэйн Руни

Руни 1985 жылы дүниеге келген. Оның құрдастары Криштиану Роналду мен Лука Модрич. Осыған қатысты желіде талай мем жүр. Руни Роналдудың құрдасы емес әкесі секілді көрінеді деп жазатындар бар.

Футболшының семіріп кетуіне фастфудтарды жақсы көретіні және сыралатып тұратыны себеп. Алькаголға да ағылшын азаматы кетәрі емес. Ол семіздікке 30 жасқа жақындағанда тап болды. Соңғы жылдары Рунидің салмағының қаншалықты көп екенін суреттен-ақ байқауға болады.

Карлос Тевес

Аргентианың тағы бір жұлдызы Карлос Тевеске салмақ тастау қиын мәселе. Ол бірақ ұзақ жыл доп тепті. Карьерасын ерте аяқтады дей алмаймыз. Дегенмен, футболшы осы артық салмақтан біраз жап шекті. 30 жасқа толмай-ақ осы мәселемен әбден қиналды. Өзі де сұхбаттарында қарсылас команданың қорғаушылары ғана емес, артық салмағы да кедергі келтіретінін айтатын. 2010 жылы Оңтүстік Африка республикасында өткен әлем біріншілігіне Тевес Аргентинаның жұлдызды ойыншысы ретінде барды. Сол тұста диетологта жалдапты. Бірақ оның бұл тырысуы бір жылдан әр аспады. Қайтадан артық салмақ жинап алды.

Амал жоқ, «Манчестер Юнайтед» футболшыны аз ақшаға «Ювентуске» сатты. Туринде диетаға байланысты арнайы бағдарлама дайындап, біраз дұрысталған еді. Дегенмен, кейіннен Қытайға ауысып, қайтадан қарны шықты. Сөйтіп, жаттығудан да қуылғаны бар.

Уэсли Снейдер

2019 жылы Нидерланды құрамасының экс-плеймекері Уэсли Снейдер ел алдына шықты. Карьерасын енді аяқтаған футбтолшы жергіліікті чемпионаттың ойынын трибунадан тамашаған. Сол кезде фанаттарын таңқалдырды. Шағын болса да шымыр, техникалық арсеналы бай футболшының артық салмақ жинап алғанын бәрі көрді.

Айта кетейік, Аякс, Реал, Интер сияқты командаларда ойнаған. Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.

Роналдиньо

Хейтері жоқ футболшының бірі – Роналдиньо болса керек. Оны миллиондаған жанкүйер жақсы көрді. Жасыл алаңның сиқыршысы саналатын. Бірақ түнгі клуб пен карнавальды жақсы көрететін Роналдиньоға да артық салмақ тез жабысты. Мұндай проблема «Барселонада» жүрген кезде-ақ басталды. Сосын «Миланда» жалғасты. Кейін отаны Бразилияға оралып, салмақ тастауға тырысқан. Бірақ ұзаққа шыдамады. Араға аз уақыт салып, қайта артық салмақ жинап алды.

Адриано

Бразилиядан шыққан таланттардың көбісі жалқау келеді. Мұны жұрт жақсы біледі. Сондықтан артық салмақты негізінен осы қасиеттерінен жинайды. Бірақ 2005 жылдары атағы шыққан Адриано сияқты шабуылшы әсер еткен мүлдем басқа жағдай. Италияның «Интерімен» жанкүйер жинаған футболшыға әкесінің өлімі қатты әсер етті.  Ол бұл қайғыны ұмыту алкогольды көбірек ішіп, көңілді кештерді жағалады. Мұндай өмір салты қалыпқа айналып кетті. Сөйтіп, Интер Адрианодан құтылуға асықты. Режимді жиі бұзатын футболшымен қош айтысты. Арақтан бас алмаған футболшының артық салмақ жинағаннан басқа амалы қалмаған еді.

Даниэл Карвальо

Ресей чемпионатының тарихындағы үздік ойыншының бірі деп танылған Данил Карвальо да осы артық салмақтың салдарынан футболдан алыстап кетті. Бір кездері Мәскеудің ЦСКА клубында атой салған жетінші нөмірлі ойыншы Еуропаның гранд командаларының да назарын аударған. Бірақ ол трансферлер жүзеге аспады. Бәлкім, бразилиялық ойыншыға режим ұстау шаршатқан болар. Мүмкін медициналық проблема болды ма ол жағы енді белгісіз. Бір анығы соңғы жылдары тіпті жүгірудің өзі оған мұң болып кетті. Ресейден кеткен соң, Бразилияға барып, ішімдікке әуес болғаны да жиі айтылады.

Никлас Зюле

Әңгімеміздің басын осы Никлас Зюледен бастаған едік. Соңында осы Зюлемен аяқтағанды жөн көрдік. Чемпиондар лигасының финалына жолдама алған команданың 28 жастағы қорғаушысының салмағы қазір 103 келіге жеткен. «Боруссия» басшылығы жазғы трансферде қорғаушыдан құтылғысы келеді.

Зюле артық салмағына қарамастан биылғы маусымда 31 ойынға қатысып үлгерген. Дегенмен, бұрынғыдай негізгі құрамның ойыншысы деп айтуға келмейді. Көбіне қосалқы құрамнан шығып жүр. Ал Чемпиондар лигасының финалы. Қарсылас – Реал. Мадридтің шабуыл шебіндегі ойыншылардың бәрі жылдам. Егер Никлас алаңда ойнаса, бұл жағдай қалай болар екен деген сұрақ бар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам