Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Криштиану Роналду 39 жасында тағы екі рекорд жаңартты

28.05.2024, 12:42

Ол бұған дейінгі сұхбатында мансабын аяқтау туралы әлі ойламайтынын айтқан еді

Криштиану Роналду 39 жасында тағы екі рекорд жаңартты
instagram.com/alnassr/

Сауд Арабия чемпионатының соңғы турында «Әл-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты.

Ол Про-лиганың 34-турында «Әл-Иттихад» командасының қақпасына дубль жасады. Матч 4:2 есебімен «Әл-Насрдың» пайдасына шешілді.

Осылайша португалиялық футболшы биылғы маусымдағы голдарының санын 35-ке жеткізді. Бұған дейін Сауд Арабиясының чемпионатында бір маусымда ешкім осыншама гол соқпаған. Бұрынғы рекорд Абдерразак Хамдаллаға тиесілі еді. Ол 2018/2019 жылғы маусымда 34 рет мергендік танытқан.

Сондай-ақ, Роналду Сауд Арабиясында гол+пас бойынша да рекорд жаңартты. 39 жастағы шабуылшы 35 голдан бөлек, 11 нәтижелі пас берген. Сөйтіп, гол+пас бойынша 46 ұпай жинады.

Криштиану лиганың тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетіп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам