Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

«Олимпиакос» Грекия тарихында алғаш рет еурокубокта топ жарды

30.05.2024, 09:09

«Фиорентина» болса екінші жыл қатарынан финалда жеңіліп отыр

«Олимпиакос» Грекия тарихында алғаш рет еурокубокта топ жарды
Getty Images

Футболдан UEFA Конференция лигасының кубогы алғаш рет Грекия командасына бұйырды. Финалда «Олимпиакос» (Грекия) мен «Фиорентина» (Италия) кездескен болатын.

Кезекті рет финалдық ойын Грекия астанасы Афины қаласындағы «OPAP Arena» стадионында өтті. Өз жеріндегі ойында «Олимпиакос» мүмкіндіктерін жібермеуге тырысты. Сол арманы матчтың 116-минутында жүзеге асты. Овертаймда Грекия клубы сапынан Айюб Эль-Кааби жеңіс голын салды. Матч соңына дейін есеп өзгермеді.

Осылайша, «Олимпиакос» еурокубокта топ жарған алғашқы грекиялық команда атанды.

Айта кетейік, италиялық клуб екінші жыл қатарынан Конференция лигасы финалында жеңілді. Былтыр олар Англияның «Вест Хэм Юнайтед» командасына есе жіберген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам