Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Баварияға» тәжірибесі аз бапкер тағайындалды: оны Гвардиола ұсынған

30.05.2024, 15:00

Неміс клубының басшылары Гвардиоланың түйсігі алдамайтынына сенімді

«Баварияға» тәжірибесі аз бапкер тағайындалды: оны Гвардиола ұсынған
Getty Images

Бундеслига мен Чемпиондар лигасында сәтсіз өнер көрсеткен «Бавария» футбол клубы жаңа бапкерін тағайындап алды. Жаңа маусымда команданы бельгиялық маман Венсан Компани жаттықтырады.

«Бавария» клубы бақылау кеңесінің мүшесі Карл-Хайнц Руммениггенің айтуынша, Компаниді таңдауға Хосеп Гвардиола кеңес берген. Клубтың спорт директоры Макс Эберл болса Гвардиоланың түйсігі алдамай деп сенген.

«Пеп Венсанды жақсы біледі және оның пікірін біз өте жоғары бағалаймыз», - деп келтіреді Sky Sports Руммениггенің сөзін.

Томас Тухельдің сәтсіз маусымынан кейін мюнхендік клуб жаңа бапкерді ұзақ іздеді. Осы тұста Англия Премьер-лигасынан ұшып кеткен «Бернли» жаттықтырушысы Венсан Компани ұсынысқа ашық болған.

«Бавария» «Бернлиге» Компани үшін 9-11 миллион фунт стерлинг көлемінде компенсация төлеуге келісті және бельгиялық маманмен үш жылдық келісімге қол қойды.

Айта кетейік, биылғы маусымда 38 жастағы бапкердің жетекшілігімен ағылшындық «Бернли» клубы Премьер-лигадан түсіп қалды және келесі маусымды Чемпионшипте ойнайды.

«Бавария» бұған дейін бас бапкер Томас Тухельдің маусым аяқталғаннан кейін командадан кететінін хабарлаған болатын.

Компани алдымен «Андерлехтте» жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Кейін «Бернлиге» ауысты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам