Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Криштиану Роналду Кубок финалындағы жеңілістен кейін тоқтаусыз жылады (ВИДЕО)

01.06.2024, 09:45

Ол Сауд Арабияға келген екі жылға жуық уақытта 8 жарысқа қатысып, ешқандай трофей жеңіп алмаған

Криштиану Роналду Кубок финалындағы жеңілістен кейін тоқтаусыз жылады (ВИДЕО)
sports.ru

Король кубогінің финалында «Әл-Наср» басты қарсыласы «Әл-Хилалдан» жеңіліп қалды. Матчтан кейін «Әл-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду көз жасына ерік беріп, ұзақ уақыт жылады.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған болатын. Матчтан кейінгі пенальтиде «Әл-Хилалдың» жолы болды, есеп – 5:4.

Төрешінің соңғы ысқырығынан кейін 39 жастағы португалдық шабуылшы жерге жатып ұзақ уақыт жылады. Оны командаластары жұбатпақ болғанымен, бұл әрекеттерінен түк шыққан жоқ.

Роналдудың жылауына басты себеп – даңқты футболшы Сауд Арабиясына ауысып келгелі бері мүлдем трофей жеңген жоқ. Ел чемпионатында биыл «Әл-Хилал» чемпион болды. Азия Чемпиондар лигасында да Роналдудың командасы сәтсіз өнер көрсетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам