Қазақстан құрамасының бас бапкері маусым айының басында тағайындалады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкерлікке Станислав Черчесовтің келуі мүмкін екені соңғы бірер күнде қызу талқыланып жатыр. Оған тіпті жылына 50 млн теңге жалақы берілетіні де БАҚ-та жазылды.
Осыған байланысты қазақ футболының амбассадоры, белгілі актер Нұрлан Қоянбаев наразылығын білдірді. Өз пікірін өнер иесі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Онда Черчесовтің суретін салып, «Керек емес» деп жазба қалдырған.
Станислав Черчесов 2016-2021 жылдары Ресей құрамасын жаттықтырды. Оның тұсынды орыстар өз жерінде өткен әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен болатын. Кейін бас бапкерліктен кеткен маман 2021-2023 жылдары Венгрияның «Ференцварош» клубын баптады.
Ұзынқұлақтан жеткен ақпарат бойынша, Черчесовті еліміздің футбол федерациясына бұрынғы бапкер Магомед Адиев ұсынып отыр деген қауесет бар.