Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бахтиер Зайнутдиновтың Өзбекстан азаматтығын алуына әжесі кедергі келтірген

11.11.2023, 17:32

Футболшының өзі аталған елдің клубтарынан шақырту алған

Бахтиер Зайнутдиновтың Өзбекстан азаматтығын алуына әжесі кедергі келтірген
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Өзбекстан азаматтығын алып, «Пахтакорда» доп теппек болған. Алайда, оның бұл әрекетіне әжесі кедергі болған екен. Бұл туралы спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында жазды.

«Бахтиер өз кезінде “Бунедкор” және “Пахтакор” командасында өнер көрсетуге мүмкіндік алған. Ол Таразда жүргенінде халықаралық жарыстарға өзбекстандық ұжымдар келген болатын. Зайнутдинов сол командалардың қаралымдарынан сүрінбей өткен еді. Бірақ “Бунедкор” мен “Пахтакор” Бахтиерды командасына тек азаматтығын ауыстырған кезде ғана алатынын айтқан. Осы мәселені отбасылық ортада талқылаған кезде Зайнутдиновтың апасы немересінің азаматтық ауыстыруына түбегейлі қарсы екенін білдіріпті», - деп жазды Е.Мәулен.

Бүгінде Б.Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншысы. Ол сондай-ақ, Стамбұлдың «Бешикташында» доп тебеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам