Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Ақжайық» футбол клубы жабылуы мүмкін

03.06.2024, 16:09

Бұған дейін клубта жұмыс істейтін бапкерлер жаппай қызметтен кетіп жатқаны айтылған еді

«Ақжайық» футбол клубы жабылуы мүмкін
uralskweek.kz

Орал қаласындағы «Ақжайық» футбол клубы толықтай жабылғалы жатыр. БҚО әкімдігі кәсіби клубты ғана емес, футбол орталығын қаржыландыруды да тоқтатпақ. Себебі өңір билігіне футбол клубын дамытып, оның қарызын жапқаннан гөрі, оны толықтай жауып тастаған әлдеқайда тиімді көрінеді.

Жыл басынан бері бірде бір футболшы, бапкер не қызметкер айлық алмаған. Соған қарамастан биылғы маусымда «Ақжайық» бірқатар матчқа қатысып үлгерді. Нақтырағы, оңбай жеңілгенін көрдік.

Естеріңізде болса, БҚО клубы Алматының «Қайратынан» 0:9 есебімен ұтылған. 

Соңғы бірнеше жылда клуб жекеменшіктің қолында. Компания облыстық әкімдіктен алған тапсырысты орындау үшін жұмысын тоқтатпай келеді. 

Жылдың басында балалар бюджеті қысқартылып, соның салдарынан балалар командалары жабылған еді. Жауапты басқарма өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс те қозғалды. 

Айта кетейік, 2019 жылы мемлекеттік «Ақжайық» клубы 200 млн теңге қарызға батып, банкрот болған еді. Бұрынғы ЖШС таратылып, клуб қарызымен бірге жекеменшік қолға берілді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам