Финалда қазақстандық дзюдошылар Жапония құрамасымен кездеседі
Қазақстан құрамасы Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан аралас командалық жарыстың финалына жолдама алды.
Жартылай финалда қазақстандық дзюдошылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Екі команда да кезек-кезек басым түсіп, негізгі белдесулерден кейін есеп теңесті.
Осыдан кейін жеңімпазды анықтау үшін шешуші белдесуге жеребе тартылды. Жеребе нәтижесінде +70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі таңдалып, Қазақстан намысын Аида Тойшыбекова қорғады.
Шешуші белдесуде Тойшыбекова қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан құрамасына финал жолдамасын алып берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азиададағы аралас командалық жарыста алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Финалда қазақстандық дзюдошылар Жапония құрамасымен кездеседі. Шешуші кезең бүгін сағат 13:00-де басталады.