ЕУРО-2024 іріктеу матчтарына қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншылары бекітілді

12.11.2023, 20:02

Ұлттық құрама Сан-Мариномен және Словениямен ойнайды

ЕУРО-2024 іріктеу матчтарына қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншылары бекітілді
Фото ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойнайтын ойыншылардың тізімін ресми жариялады.

Бұған дейін ұлттық құрамаға 40 ойыншының шақыртылғаны айтылған болатын. Бүгін бас бапкер 27 ойыншыны нақты бекітті. Олардың қатарында Руслан Валиуллин жоқ. Ол екі жыл үзілістен кейін футболға биыл қыркүйекте ғана оралды.

Қақпашылар: Игорь Шацкий (Шахтер), Бекхан Шайзада (Ордабасы), Данил Устименко (Қайрат).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (Ордабасы), Бағдат Қайыров (Тобыл), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (Астана), Марат Быстров (Ахмат, Ресей), Әлібек Қасым (Ақтөбе), Нұралы Әліп (Зенит, Ресей), Еркін Тапалов (Қызылжар), Лев Скворцов (Химки, Ресей).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов (Копер, Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (Ақтөбе), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (Астана), Бахтиер Зайнутдинов (Бешикташ, Түркия), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Ислам Чесноков (Тобыл).

Шабуылшылар: Абат Айымбетов (Астана), Вячеслав Швырев (Қайрат), Иван Свиридов (Шахтер).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 17 қарашада өз алаңында Сан-Мариноны қабылдаса, 20 қарашада сырт алаңда Словениямен ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?