Жаңа шығарылым! Қонақта Есен Елеукен ағамыз! EURO-2024

Әлемде аты аңызға айналған футболшылар Астанада ағаш отырғызды

30.04.2024, 17:34

Олар осылайша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» батамасына үлес қосты

Әлемде аты аңызға айналған футболшылар Астанада ағаш отырғызды
Астана қалалық әкімдігі

Астанада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аты аңызға айналған футболшы Коло Туре мен Фадига Халилу көшет отырғызды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елімізге футболдан жас өрендерді іріктеу мақсатында «Super bol» жобасына арнайы келген Коло Туре мен Фадига Халилу Астана қаласындағы Қазақстан футбол федерациясы аумағында көшет отырғызу акциясына қатысты.

«Қазақстанға футбол жобасына арнайы қонақ ретінде бірінші рет келдім. Тек жасыл алаңда ғана емес, қаланың экологиясын сақтау мақсатында ұйымдастырылған акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін де көптеген қалаларда болдым. Ал Астананың өзіндік әдемілігі бар. Тазалығы бір жолға қойылғаны көрініп тұр. Бастысы мені сыйлап, шақырғандарыңызға қуаныштымын!» — деді Коло Туре.

Коло Туре – Кот-д’Ивуар құрамасының бұрынғы ойыншысы. Ол ұлттық құрама сапында 2000-2015 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Әр жылдары «Арсенал», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Селтик» секілді әлемдік гранд командаларда доп тепті. Қазір Англияда Чемпионшипте бапкерлік қызмет атқарады.

Фадига Халилу болса Сенегал құрамасымен 2002 жылы әлем чемпионатында сенсация жасағаны көпшіліктің есінде. Африкалық команда Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен мундиальда жартылай финалға дейін жеткен болатын. Ол мансабын Бельгия мен Франция клубтарында жалғаған.

Айта кетейік, 8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында 29 сәуір бен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, қызмет барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығымен жалғасып жатыр.

Биыл Астанада барлығы 1,1 миллион жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Үш аптада қалада 74 мыңнан астам көшет отырғызылды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 аптадан бері елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы өтіп жатыр. Кең көлемді экологиялық науқан аясында қаланы, нөсер және суару жүйелерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына жақын аумақтарды тазалау, көгалдар мен гүлзарларды тазалау, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және т.б. жүргізіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам