Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жабық бюджет, біліксіз судьялар, күдікті ұйымдар – Ербол Еділов ҚФФ «былығы» туралы айтты

08.06.2024, 12:09

ҚФФ-ның Атқару комитетінде өзгеріс болып, Қайрат Боранбаев, Саян Хамитжанов секілді мүшелері қатардан шығарылды

Жабық бюджет, біліксіз судьялар, күдікті ұйымдар – Ербол Еділов ҚФФ «былығы» туралы айтты
Kapital.kz

Қазақстан футбол федерацясы Атқару комитетінде мүше болған белгілі саясаттанушы, қоғам белсендісі Ербол Еділов бұл лауазымнан неліктен бас тартқанын айтты. Оның сөзінше, ҚФФ-да былық көбейіп кеткен. Ал, басты себептердің бірі – легионерлерге шектеудің алынып тасталуы.

Есте болса, 7 маусымда Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс XXIV конференциясы өтіп, жиында Атқару комитетінің мүшелері жаңартылды. Бұған дейін ұзақ жылдар мүшелікте болған Саян Хамитжанов пен Қайрат Боранбаевтың комитет қатарынан шығарылғаны белгілі болды. Олардың қатарында Ербол Еділов те бар.

«ҚФФ-ның легионерлерге лимитті алып тастау бастамасына байланысты мен өз еркіммен бұл комитеттен кеттім. Сондай-ақ, бюджеттің жабықтығы, Атқару комитеті жиындарының есеп үшін ғана өтуі, судьялардың түсініксіз қателіктері, интригалар, ҚФФ президентін сайлау кезінде пайда болған күдікті ұйымдар мені осындай қадамға баруға итермеледі. Мен Қазақстан футболының таза және әділ болғанын қалаймын. Егер осы мәлімдемемнен кейін маған ақпараттық шабуыл басталса, мен ешнәрседен қорықпаймын. Шындық әрдайым жеңеді», - деп жазды ол өзінің Telegram-каналында.

Еділовке осы жазбасынан кейін ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұловтың өзі бірнеше рет хабарласыпты. Алайда, телефон қоңырауына жауап бермеген соң, СМС-хабарлама жіберген көрінеді.

«Артынша өзім қоңырау шалып, Қазақстан футболындағы әділетсіздіктер туралы айттым. Өзім Антикорға барып, бар шындықты айтып беруге дайынмын», - деді Ербол Еділов.

Еске салайық, бұған дейін Еділов Маңғыстау облысының «Каспий» футбол клубына басшылық еткен. Алайда, ол басқарған уақытта клуб қаржылық қиындықтарға тап болған. Бұл туралы саясаттанушының өзі кейінірек толыққанды айтып беруге уәде беріп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам