Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Игитаның әрекетінен кейін «Қайрат» клубына ірі көлемде айыппұл салынды

11.06.2024, 17:25

Клубтың басшысы да жазаланды

Игитаның әрекетінен кейін «Қайрат» клубына ірі көлемде айыппұл салынды
Қайрат АФК

«Қайрат» футзал командасының Игита бастаған ойыншыларының өрескел әрекетінен кейін еліміздің Футбол федерациясы қатаң шешім қабылдады. 

Федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысында қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты сұрақты қарастыру туралы мәселе қаралған. 

Шешім бойынша «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет. Ал, «Қайрат» АФК бас директоры А.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция берілді. «Қайрат» АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттеліп отыр.

Бұған дейін футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» капитаны Игита бастаған футзалшылар автобусқа дейін жанкүйерлер төсеп қойған қарсылас командалардың эмблемаларын басып өткен болатын.

Оқиға туралы бейнежазба желіде кеңінен тарап, көпшілік олардың әрекетін қатаң сынға алған еді. Кейін Игита бейнеүндеу арқылы көпшіліктен кешірім сұрап, айыбын мойындады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам