ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Андрес Иньеста тарихтағы ең үздік футболшыны атады

12.06.2024, 09:34

Ол өзін тарихтағы ең үздік ойыншымен командалас болғанын мәртебе санайды

Андрес Иньеста тарихтағы ең үздік футболшыны атады
Getty Images

«Барселона» мен Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста әлемдегі ең үздік футболшы деп Лионель Мессиді санайды.

Қос футболшы «Барселона» құрамында ұзақ уақыт бірге ойнаған.

«Тарихтағы ең үздік футболшы кім дейсіз бе? Әрине Месси. Ол кез келген футболшыдан мықты», - деп қысқа қайырды Иньеста әдеуметтік желіде.

Айта кетейік, Лионель Месси сегіз рет «Алтын доп» иегері атанған. Ол «Барселонамен» Испанияның бірнеше дүркін чемпионы, Испания кубогінің иегері, Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды. Сонымен қатар, Аргентина құрамасымен Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, Олимпиада чемпионы және Америка кубогінің иегері атанды.

Қазіргі таңда Месси АҚШ чемпионатында «Интер Майами» сапында өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін Францияда ПСЖ құрамында доп теуіп, ел чемпионы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам